Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды түсіндіру бойынша онлайн кездесуі

2020-09-26
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды түсіндіру бойынша онлайн кездесуі
2020 жылдың 24 қыркүйегінде «Zoom» бағдарламасы бойынша онлайн режимінде «Мемсараптама» РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалының қызметкерлері үшін Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Д. Алданиязов және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Р.М. Құрақбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Д.Алданиязов облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, алдын алу жұмыстары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік туралы хабардар етті. Өз кезегінде, Ақтөбе облысы бойынша ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Р.М. Құрақбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі тұстарын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелерінде қызметшілердің санасына адалдық және сатылмаушылық сияқты моральдық-этикалық қағидаттарды енгізуге ерекше орын берілетінін, онсыз заңды сақтау мүмкін еместігін атап өтті. Филиал ұжымы Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі Д.Алданиязовқа және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы департаменті жанындағы ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Р.М. Құрақбаевқа танымдық онлайн кездесу өткізгені үшін алғыс білдіреді.