Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлык бойынша семинар

2020-07-28
Сыбайлас жемқорлык бойынша семинар
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының 2019-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2020 жылғы 23 шілдеде филиалда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің қатысуымен онлайн режимінде семинар өтті. Агенттіктің қызметінің негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің инспекторы С. Н.Зайцева баяндама жасады, ол тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың 10% – ға төмендегенін атап өтті, бұл ауқымды алдын алу-профилактикалық жұмысқа байланысты. Сонымен қатар, есеп беру кезеңінде аса ауыр қылмыстарды анықтау және жолын кесу 3 есеге және ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау 10% – ға өсті, сондай – ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінде әшкереленген адамдардың саны артты, әрбір бесінші адам-мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы. Жалпы қылмыстық жауапкершілікке 28- республикалық, 65 – облыстық, 72 – қалалық және аудандық деңгейдегі басшы тартылды. С.Н. Зайцева сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға арнайы мониторинг тобы, ақпараттық-ағартушылық штаб, «Adaldyq Alany», «Adal kómek» жобалау кеңселері ерекше үлес қосатынын атап өтті. Бұл бірлестіктердің күш-жігері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және парасаттылық мәдениетін ілгерілету контекстінде қоғамдық бақылау құралдарын пәрменді іске асыруға бағытталған. Егер мемлекет адамдарды кешенді қорғауды өзіне алса, анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар ету деңгейі едәуір жоғары болады деп болжануда. Ұсынылған түзетулерді қабылдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. ЭЫДҰ мен ГРЕКО ұсынымдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғаудың кешенді жүйесі (whistleblowing) азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың басқа пәрменді құралы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Тұжырымдама «Ашық НҚА» интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4283406 және агенттік сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/47...).