Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«2019 жылғы салық және бухгалтерлік заңнамадағы маңызды өзгерістер» тақырыбына семинар

2019-02-08
«2019 жылғы салық және бухгалтерлік заңнамадағы маңызды өзгерістер» тақырыбына семинар
«2019 жылғы салық және бухгалтерлік заңнамадағы маңызды өзгерістер» тақырыбына семинар
«Мемсараптама» РМК жұмыскерлерін кәсіби оқытудың 2019 жылға арналған жоспарын орындау үшін 2019 жылғы 6 ақпанда Астана қаласында «2019 жылғы салық және бухгалтерлік заңнамадағы маңызды өзгерістер» тақырыбына семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар – «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің жұмыскерлері және филиалдарының бухгалтерлері. Семинар барысында мынадай мәселелер қаралды: 1. Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржы есептілігін жасауды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістерге шолу. • ҚР ҚМ 02.10.2018 ж. № 877 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының жаңа үлгі жоспары (2019 жылдан бастап қолданылып жүрген); • ҚЕХС (IFRS) 9 «Қаржылық құралдар». Келтірілген залалдар моделінен күтілетін залалдар моделіне ауысу, күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі және мойындау (дебиторлық қарыз, берілген қарыздар, екінші деңгейдегі банктерге орналастырылған ақшалай қаражат); • ҚЕХС (IFRS) 15 «Сатып алушылармен шарттар бойынша түсім». Түсімді мойындау бойынша бес қадамды модель. «Уақыт мезетіндегі» немесе «уақыт бойындағы» түсімді мойындау. Келісімшарттық активтер және міндеттемелер ұғымы; • ҚЕХС (IFRS) 16 «Жалдау». Жалға берушідегі жалдауды есепке алу: жаңа тәртіп. Жалдауға құқығын және жалға берушінің қаржы есептіліктегі жалдау бойынша міндеттемелерді мойындау жөніндегі талаптарды алып тастау; • Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген бехгалтерлік есеп жүргізу қағидалары; • «Ұйымдар жария мүддесін жариялау үшін жылдық қаржылық есептілік тізбесі мен нысанын бекіту туралы (қаржылық ұйымдарды қоспағанда)» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығы. 2. Бухгалтерлік есеп жүргізу және ҚЕХС-ке сәйкес қаржы есептілік жасау кезінде жиі кездесетін қателер: • Жаңа бастап жүрген бухгалтердің ТОП-10 қателері; • Қаржы есептілігін жасау кезіндегі қателер; • Салық міндеттемелерін есептеу кезіндегі қателер; • Мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу кезіндегі қателер. 3. Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы 2019 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген өзгерістер. 4. Тәуекелдерді басқару жүйесі. 5. Электронды шот-фактураларды жазып беру. Виртуалды қойма. 6. КТС және ҚҚС бойынша 2019 жылғы жеке маңызды аспектілері; 7. Салық салынатын кірістерді есептеу кезіндегі шегерулерді анықтау; 8. ҚҚС бойынша есепке алу; 9. Электронды шот-фактураларды жазып беру кезіндегі мәселелер. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.