Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиындар

2018-12-13
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиындар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиындар
2018 жылғы 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні -ұлттық мерекесі қарсаңында «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында (бұдан әрі - филиал) салтанатты жиын өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды. Филиал директоры С.О. Лекеров салтанатты шараны аша отыра, өз құттықтау сөзінде тәуелсіздік жылдарында елдің тыныс-тіршілігінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер орын алғандығын айтып өтті. Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында 27 жыл ішінде еліміз әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани жағынан серпінді дамып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Жиынның екінші жартысында тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуы туралы интелектуалдық сайыс түрінде викториналық байқау өтті. 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын ұйымдастырылып, онда филиалымыздың директоры С.О. Лекеров қатысты. Салтанатты жиын барысында мемлекеттік наградалар табысталды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі филиалымыздың директоры С.О. Лекеровты еңбек жолындағы жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшiн» медалімен марапаттады. Сонымен қатар, Мемсараптама» РМК барлық филиалдары қатысқан бейне-конференция форматындағы жалпы салтанатты жиын өтті. Жиынды Мемсараптама» РМК бас директоры Т.Д. Карагойшин құттықтау сөзімен ашты. Ол барлық қызметкерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге алғыс хаттар мен грамоталар табыстады. Сондай-ақ, мемлекеттік наградалар иелеріне арналған салтанатты құттықтау өтті. Наградамен марапатталғандар қатарында филиалымыздың қызметкері бар екендігін атап өткізіміз келеді. Қазақстан Республикасы экологиясының дамуына зор үлес қосқаны үшін филиалымыздың сарапшысы М.Ю. Новоселов «Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл» медалімен марапатталды. Мемсараптама» РМК басшылығын қызметкерлеріміздің еңбегін аса бағалап, кәсіпорынның барлық филиалдарының қатысуымен өткен салтанатты жиынды биік дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз. Филиалымыздың ұжымы барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - ұлттық мерекесімен құттықтайды! Әрбір жүрекке сенім мен жігер ұялатқан бұл мереке еліміздің ертеңгі болашағы мен келешегі үшін әрқашан жетістіктер мен береке бастауы бола берсін. Қазақстан халқының ынтымағы артып, еліміздің көкбайрағы көкте шарықтасын!