Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Эталон рөлінде: сараптама ұйымдарының ІІ халықаралық конференциясының қорытындылары

2018-10-01
Эталон рөлінде: сараптама ұйымдарының ІІ халықаралық конференциясының қорытындылары
Эталон рөлінде: сараптама ұйымдарының ІІ халықаралық конференциясының қорытындылары
Эталон рөлінде: сараптама ұйымдарының ІІ халықаралық конференциясының қорытындылары
Эталон рөлінде: сараптама ұйымдарының ІІ халықаралық конференциясының қорытындылары
«Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отыр. Ол отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс» Н. Назарбаев. 17 қыркүйекте Мәскеуде Қазақстаннан, Ресейден, Армениядан, Беларусьтен, Қырғызстаннан келген мамандардың тәжірибе алмасуына арналған өзіндік алаңға айналған «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» ІІ халықаралық конференциясы өтті. Сараптама қызметін және оның процестерін цифрлендіру заманауи және жылдам өзгеріп келе жатқан әлем үрдістерінде аса өзекті, осы себептен конференцияда талқыланып отырған мәселелердің басым көпшілігі осы тақырыпқа арналды. «Мемсараптама» РМК ТМД елдерінің сараптамалары арасында цифрлендіру мәселелері бойынша көшбасшы бола отырып, өз тәжірибесімен бөлісіп, 2018 жылы енгізілген жаңалықтары туралы айтып берді. «Мемсараптама» РМК делегаттары аудиторияны дамудың негізгі бағыттары туралы ақпараттандырып өтті, олардың арасында жобаны сараптау процесінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру арқылы бір терезе принципін кеңейтуді, сондай-ақ ҚР 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңымен ВКСБАЖ және Портал операторы мәртебесінің ресми түрде бекітілуіне байланысты ВКСБАЖ мен порталды жүргізуді атап өтті. «Конференцияға қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік сараптаманы ұйымдастыру ісіндегі тәжірибесіне жоғары баға берді. Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі Владимир Якушев атап өткендей, Ресей қазақстандық әріптестеріміздің құрылыс, экологиялық және санитариялық сараптамаларды біріктіру сияқты жетістіктерімен әлі мақтана алмайды. Осы ретте, қазақстандық мемсараптама жұмысының «бір терезе» принципі бойынша ұйымдастырылуы фактісі ғана емес, сонымен қатар оның алдындағы электрондық түрде көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту бойынша үлкен жұмыс та маңызды. Атап айтқанда, конференцияда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық форматта қызметтерді ұсыну тәжірибесі үлкен қызығушылық туғызды» - деп хабарлады «Строительная Газета». «Мемсараптама» РМК мұнымен тоқтамайды: алдағы жылда өршіл әрі басым міндет қойылуда – электрондық үкіметпен интеграция. Өткен іс-шараға ұқсас іс-шаралар дәстүрлі сипатқа ие болуда: халықаралық деңгейде сараптама ұйымдарының тәжірибе алмасуы 2017 жылы бастау алды – «Ресей басмемсараптама» ФАМ («Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» I халықаралық конференциясы, Мәскеу, 2017 жылғы мамыр) және «Мемсараптама» РМК («Сараптама бүгін» құрылыс саласындағы сараптама ұйымдарының I халықаралық форумы, Астана, 2018 жылғы тамыз).