Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазіргі заманғы құжаттау негіздері» тақырыбындағы семинар

2018-03-05
Қазіргі заманғы құжаттаудың нормативтік-әдістемелік базасын зерттеу және енгізу, ведомстволық сақтау бойынша құжаттау және ведомстволық архивтер қызметтерінің жұмысын жандандыру мақсатында 2018 жылғы 27 ақпанда «Қарағанды облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің базасында «Қазіргі заманғы құжаттау негіздері» тақырыбындағы семинар өткізілді. Облыстық семинарға құжаттау қызметінің, ведомстволық архивтер, кадр, заң қызметтерінің өкілдері қатысты. «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалынан жетекші маман Г.Т. Байтлесова семианарға қатысты. Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: 1. Қазіргі заманғы құжаттаудың нормативтік-әдістемелік базасы. Ресми құжаттарды ресімдеу. 2. Құжаттарды тіркеу. 3. Істер номенклатурасын құрастыруға қойылатын негізгі талаптар. Істер құжаттарын қалыптастыру. Істерді ресімдеу. 4. Құжаттардың құндылығын сараптау нәтижесін ресімдеу. 5. Мекеменің ведомстволық архивінің жұмыс тәртібі. Барлық қойылған сұрақтарға «Қарағанды облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің өкілдері құзыреті шегінде жауаптар берді.