Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардағы өзгерістерді ескере отырып 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын анықтау» тақырыбындағы семинарға қатысу

2018-03-02
Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардағы өзгерістерді ескере отырып 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын анықтау» тақырыбындағы семинарға қатысу
«Мемсараптама» РМК-нің 2018 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарын орындау үшін 2018 жылғы 27-28 ақпан аралығында «Мемсараптама» РМК-нің жобаларды сараптау басқармасы сметалық бөлімінің бастығы «Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардағы өзгерістерді ескере отырып 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын анықтау» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинар модераторы – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ. Семинар барысында мынадай мәселелер қаралды: 1. Қазіргі кезеңдегі құрылыстың сметалық құнының қалыптасуын реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар (заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып). 2. Элементтік сметалық нормалар жинақтарына (ҚР ЭСН 8.04-01-2015) өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын анықтау. 3. 2018 жылы жобалау жұмыстарына және инженерлік іздестірулерге шығындарды анықтау. 4. Құрылыстың сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштерін қолдана отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын анықтау. 5. 2018 жылы Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы сметалық-есептік бағдарламаларды шолу. 6. АВС-2018 бағдарламалық өнімдеріндегі жаңалықтар. 7. «ҚР СМЕТА 2018» - 2018 жылы Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын анықтау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес ресурстық әдіспен сметаларды есептеу мен тексеруге арналған заманауи бағдарлама». 8. «SANA-2015» БҚ қолдана отырып, қазіргі кезеңде ресурстық әдіспен құрылыстағы сметалық құжаттаманы есептеу және шығару.