Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Құрылыс саласының цифрлық трансформациясы» халықаралық конференциясы

2018-03-14
«Құрылыс саласының цифрлық трансформациясы» халықаралық конференциясы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті аясында 2018 жылғы 2 наурызда Алматы қаласында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ұйымдастырған «Құрылыс саласының цифрлық трансформациясы» халықаралық конференциясы өтті. Халықаралық конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасы құрылыс саласының өкілдері, сондай-ақ Ресейден, Беларусьтен және Литвадан делегаттар қатысты. Қатысушылар бүгінгі күні қолжетімді құрылыс барысын цифрлендіру құралдарын талқылап, «ақылды қалалар» цифрлық ортасын салу саласындағы болашақ бағыттар туралы айтып берді. Осы ретте құрылыс объектісін ақпараттық модельдеу технологиясы негізгі талқыланатын тақырыпқа айналды. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ шақыруымен конференцияның жұмысына бас директор Т.Ж. Қарағойшин бастаған «Мемсараптама» РМК делегациясы қатысты. Т.Ж. Қарағойшин құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу кезіндегі «бір терезе» қағидаты туралы және кәсіпорынның сараптама қызметін цифрлендіру бөлігіндегі әзірлемелері туралы айтып берді. Сондай-ақ «Мемсараптама» РМК делегаттары бір сараптама ұйымы жүзеге асыратын экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаларды ведомстводан тыс кешенді сараптама процестеріне тікелей қосу кезінде қол жеткізілген оң нәтижені атап өтті. «Мемсараптама» РМК халықаралық конференциясын ұйымдастырушыларға шақыруы және қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді.