Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК үшін әзірленген «Персоналды басқару бөлігінде 1С:Бухгалтерия 8 бағдарламалық өнімнің функционалдық мүмкіншіліктері» тақырыбындағы семинар

2016-12-08
«Мемсараптама» РМК-нің 2016 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарына сәйкес 2016 жылғы 7 желтоқсанда «Мемсараптама» РМК-нің мәжіліс-залында «Мемсараптама» РМК үшін әзірленген «Персоналды басқару бөлігінде 1С:Бухгалтерия 8 бағдарламалық өнімнің функционалдық мүмкіншіліктері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар: «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының және филиалдарының кадр жұмысы жөніндегі мамандары. Семинарда келесі мәселелер қаралды: 1. Жұмысқа қабылдау кезінде туындайтын кадрлық есепке алу ерекшелігі; экологиялық жағдайлар, қысқартылған жұмыс күні және жұмысты орындау уақытына жұмысқа қабылдау. 2. Еңбек демалыстары, өтемақылар және жұмыстан босату. 3. Біліктілігін жоғарылатуға байланысты ұйымдағы іссапарларды есепке алу ерекшелігі. Аттестаттау, семинарлар, ерекшелік, санат. 4. Форум бойынша қабылданған жұмыскерлерді есепке алу ерекшелігі және штаттан тыс аттестатталған сарапшыларды есепке алу ерекшелігі. 5. Жұмыскерлердің жұмысқа шықпауын есепке алу және жұмыс уақыты есебін жүргізу табеліне әсер ету ерекшелігі. 6. Бала күтіміне байланысты демалыстағы жұмыскерлерді есепке алу ерекшелігі. 7. Семинарға қатысушылардың сұрақтарын талқылау. Нақты, стандартты емес жағдайларды қарау. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.