Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің басқарушы құрамы тәжірибе алмасу іс-шаралары щеңберінде «Главгосэкспертиза России» ФАУ-ға және «Московская государственная экспертиза» ГАУ-ға барып қайтты

2016-11-02

2016 жылы 27-28 қазанда «Мемсараптама» РМК-нің басқарушы құрамы тәжірибе алмасу іс-шаралары щеңберінде «Главгосэкспертиза России» ФАУ-ға және «Московская государственная экспертиза» ГАУ-ға барып қайтты. Жұмыс барысында «Главгосэкспертиза России» ФАУ мен «Мемсараптама» РМК өкілдері сараптама қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін жоғарылату құралдарын талқылады, оның ішінде электрондық жүйелерді қолданумен. Сонымен қатар консультациялық қызмет көрсету тәртібі, оларды заңгерлік әрі бухгалтерлік сүйемелдеу, сараптама жүргізу үдерісінің рәсімдік мәслелері, оны ақпаратпен және әдістемемен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Талқылау мәні жобалардың электрондық банкін құру тәсілдемесі, ЖІЖ-дің компьютерлік жүйесі көмегімен сметаларды және құрылыстағы жалпы баға белгілеуді тексеру, сондай-ақ сарапшыларды аттестаттау және оқыту мәселелері болып табылды. «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Ерік Едресов Главгосэкспертиза бастығының ұсынысын қолдады және осындай ашық әрі кең форматты ынтымақтастық барысында сараптама ұйымдары жұмысының тиімділігін одан сайын жоғарылатуға мүмкіндік беретін жалпы қағидаттар қалыптастырылатынын ескерте кетті. Сонымен қатар, Ерік Едресов «Мемсараптама» РМК қала құрылысын жоспарлау, аумақты дамыту және құрылысын салу, әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерін салу жобаларын бағалаумен шұғылданатынын ескертті. «Мемсараптама» РМК басшысының орынбасары сөз сөйлеу барысында «Мемсараптама» РМК-нің барлық өтініш берушілері сараптаманы элетрондық нысанда өтуді артығырак көретіндігін көрсете отырып, Қазақстан сарапшыларының жұмысына электрондық қызмет көрсетуді ендіру ерекшеліктері туралы айтты.