Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Шарттар мен мәмілелерді жасасу бойынша өзекті, практикалық мәселелер. Электронды шарттарды жасау тәртібі мен электронды-сандық қол қоюды пайдалану» тақырыбында семинар өтті

2016-10-13
«Шарттар мен мәмілелерді жасасу бойынша өзекті, практикалық мәселелер. Электронды шарттарды жасау тәртібі мен электронды-сандық қол қоюды пайдалану» тақырыбында семинар өтті
2016 жылғы 11 қазанда «Мемсараптама» РМК-нің конференц-залында «Шарттар мен мәмілелерді жасасу бойынша өзекті, практикалық мәселелер. Электронды шарттарды жасау тәртібі мен электронды-сандық қол қоюды пайдалану» тақырыбында семинар өтті. Семинар қатысушылары: «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының және филиалдарының заңгерлері. Семинарды «Мемсараптама» РМК-нің бас директоры Т.Ж. Қарағойшин ашты, ол құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік сараптама жүйесін дамытудың негізгі бағытын баяндады. Семинар бағдарламасы бойынша, мынадай мәселелер қарастырылды: Міндеттемелердің туындау негізі ретінде шарттар мен мәмілелер. Азаматтық шарттар мен мәмілелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін оңтайландыру. Шарт талаптарын бұзу нәтижесінде мүліктік жауапкершіліктің ерекшеліктері. Азаматтық шарттардың және мәмілелердің жарамсыз негіздеуіне және салдарына байланысты қауіп-қатерлер. Кәсіпкерлік қатынастардағы мерзімдер. Сотта кәсіпкерлердің мүддесін қорғау. Электронды сандық қол қоюды (ЭСҚ) алу. Электронды шарттарды жасасу тәртібі. Семинарды өткізу нәтижелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді, онда филиалдардың қызметінде туындайтын негізгі мәселелер талқыланды, шарттық міндеттерді орындауды бақылауды ұйымдастыру, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыстарды жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық бойынша бекітілген жоспарларды қатаң сақтау және тағы басқалары. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.