Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

100+ Forum Russia биік және бірегей құрылыстың III халықаралық форумы

2016-10-13
100+ Forum Russia биік және бірегей құрылыстың III халықаралық форумы
«Мемсараптама» РМК-нің және оның филиалдарының қызметкерлері 5-7 қазанда Екатеринбург қаласында (Ресей Федерациясы) өткен 100+ Forum Russia биік және бірегей құрылыстың III халықаралық форумына барып қайтты. Форум оқиғасы бір уақытта жеті залда өтті, әр қайсысында биік және бірегей ғимараттар мен құрылыстарды жобалау мен салуға байланысты мәселелер талқыланды. Форумның орталық сессиясының бірі «Главгосэкспертиза России» ФАУ болды. Конференцияның негізгі мәселелері: биік құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптама, электронды формада мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру, әсіресе - арыз берушілермен өзара қарым-қатынас. Жоғарыда көрсетілген барлық тақырыптар форум қатысушыларына үлкен қызығушылықтар тудырды, олар осы мәселелерде сарапшылардан жобалау мен рұқсат құжаттарын беру бойынша практикалық кеңестер ала білді. 100+ Forum Russia соңғы күні ашық пікірталас алаңына айналды: бейінді сессияларда кәсіпқойлар құрылыстағы үйлесімді материалдарды қолдану, BIM-технологиясы негізінде ақпараттық үлгілеу аясында жинақталған тәжірибелерімен бөлісті, бірегей өнеркәсіптік объектілердің өрт қауіпсіздігін талқылады.