Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ВЕДОМСТВОДАН ТЫС КЕШЕНДІ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ ПРОЦЕДУРАСЫ ТУРАЛЫ - ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2015-11-19
ВЕДОМСТВОДАН ТЫС КЕШЕНДІ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ ПРОЦЕДУРАСЫ ТУРАЛЫ - ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
ВЕДОМСТВОДАН ТЫС КЕШЕНДІ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ ПРОЦЕДУРАСЫ ТУРАЛЫ - ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Астана, 19 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік органдар өкілдері бірлесіп ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді жетілдіру процедурасы туралы талқылаған дөңгелек үстел өткізді. Талқылау «Мемсараптама» РММ- де Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаевтың төрағалығымен өтті. Басқосуда негізінен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудегі қызмет сапасын жақсарту мәселесі мен сыбайластық тәуекелдерді басқару саласындағы өндірістердің жоспары қаралды. «Мемсараптама» РММ Бас директоры Асқар Сманқұлов баяндама жасап, депутаттарды кешенді сараптама жүргізу процедурасын жеңілдету үшін заманауи сандық жүйе бойынша енгізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды. Отырыс шеңберінде жаңа электрондық жүйенің тұсаукесері болып, депутаттар кешенді сараптама жүргізу жұмысының технологиялық тізілімімен танысып шықты. Дөңгелек үстелдегі талқылауға Мәжіліс депутаттары А.Бегенеев, Т.Ерғалиев, С.Қанаев, Е.Каппель, В.Косарев, Н.Логутов, және Н.Сорокин қатысты. (Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.) _________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі Ақпарат көзі: http://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id24974/1/1 Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі