Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

МЕМЛЕКЕТТІК САРАПШЫЛАРДЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

МЕМЛЕКЕТТІК САРАПШЫЛАРДЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК және оның аумақтық бөлімшелерінің) жүйесінде мемлекеттік сарапшы мамандығын таңдаған Қазақстан Республикасының азаматы келесідей өнегелілік міндеттемелерін орындауға және этикалық нормаларды сақтауға міндеттенеді:
1. Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін реттеу мәселелерін қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолданылатын мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттардың регламенттері мен талаптарын қатаң түрде сақтауға, құрылысқа арналған жобалардың тиісті сапасын, қауіпсіздігін, сенімділігін және жобаланған объектілердің сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуін, мемлекет пен қоғамның экономикалық мүдделерін, азаматтардың заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге.
2. Мемлекеттік сараптама жүйесінің беделін арттыруға үлес қосуы және оған жан-жақты қолдау көрсетуі қажет. Мемлекеттік сараптама жүйесінің тиімді жұмыс жасауына кедергі келтіретін әрекеттерді болдырмауы және мемлекеттік сарапшының қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына жағдай жасауға.
3. Өзінің азаматтық және қызметтік парызын адал әрі әділ атқаруы қажет. Еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға, лауазымдық және өзге де қызметтік міндеттемелерді сапалы және уақытылы орындауға.
4. Құрылысқа арналған жоба алдындағы (техникалық-экономикалық негіздемесі) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттік сараптама жүргізу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауға, бюрократия мен сөзбұйдаға салынуға, дөрекілік танытуға жол бермеуге.
Тапсырысшылар тарапынан мемлекеттік сараптама жүргізуге қатысушылардың, сондай-ақ жобалардың мемлекеттік сараптамасына жеке өтініштері бойынша ниет білдірген өзге де азаматтардың абыройы мен ар-намысын құрметтеуге.
5. Жоғары кәсіби жұмыс жасау үшін барлық күш-жігерін жұмсауы, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы, үнемді және өзге де құзыретті әдістерін қолдануы шарт. Өз біліктілігі мен кәсіпқойлығын үнемі жетілдіруі, техникалық және жалпы мәдени деңгейін көтеруге.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық жағдайларын құруға негіз болған кез-келген талпыныстарды тоқтатуға.
Басқа да мемлекеттік сарапшылар тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуі тиіс.
7. Қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, қарастырылып жатқан жобалар бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге.
8. Мемлекеттік сарапшы атын құрметтеуі шарт. Өзінің іске көзқарасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда орнықты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге.
9. Өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде жұмыс жағдайына сәйкес, сондай-ақ іскерлік немесе өкілдік міндеттерді атқару кезінде де, ұқыпты, таза, тиянақты болуға.
Мемлекеттік сарапшылардың осы Ар-намыс кодексін сақтауы олардың қызметтік борышы болып табылады. Мемлекеттік сарапшы Кодексті бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмеген жағдайда, «Мемсараптама» РМК-ның басшылығы мен әріптестерінің алдында адамгершілік немесе қызметтік жауапкершілікке тартылады.