Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсету

Жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсету
Жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсету
Жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсету
Жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсету

«Мемсараптама» РМК мен оның Астана филиалының ұжымы қасиетті Рамазан айында Астана қаласындағы «Мамандандырылған Балалар үйі» ММ-дегі жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсетті.
Жобалардың мемлекеттік сараптамасының қызметкерлері жинаған қаржыға сатып алынған 1640 дана Pampers Active Baby памперстері мен 30 дана балалар тағамы, балаларға арналған 72 пакет «Агуша» сусыны, 10 пакет печеньелер бүлдіршіндерге қайтарымсыз берілді.
Осы балалар үйінен 70 шақты бүлдіршін пана тапқан екен, олардың жас шамасы жаңа туған кезінен 4 жасқа дейінгі сәбилер, ата-ананың аялы алақанына зәру балалардың ойлау қабілеті дамымай қалған, оларға Даун синдромы, туа біткен кемтарлық және өзге де ауыр диагноздар қойылған.
Балалар үйінің қызметкерлері қолдарынан келгенше балаларға мейірімдерін аямай әлпештеп, өмірдің алғашқы баспалдағында аналық мейірімге бөлеуге тырысуда. Балалар үйінің қызметкерлері «Мемсараптама» РМК мен оның Астана филиалының ұжымы көрсеткен көмекке ризашылықтарын білдіруде. Олар кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін ыстық ықыластарын білдірді.